

«Бір ел – бір кітап» акциясы
Құрметті оқырмандар!
Биылғы Республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында Ильяс Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабы оқылады. Ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналған акция шеңберінде оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысады. Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды оқуға, кітапханаға тарту.«Көшпенділер» — Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеяс .Бұл шығарма-қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі,партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия Алмас қылыш, Жанталас, Қаһар деген бөлімдерден тұрады. Көшпенділер трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі. Алмас қылыш романында ХV–ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылу , Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі. Жанталас романында ХVІІ –ХVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның шетел басқыншыларымен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі сипатталады.. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы, Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңілістері туралы жазылған. Қаһар романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік , даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі. Бұл туындыны суреттеп жатудың өзі артық. Александр Дюма айтады екен: «Болашақта Францияның тарихын білгісі келген адам менің кітаптарыма үңілетін болады,» –деп. Қазақ тарихы туралы білгіңіз келсе, Есенберлиннің трилогиясын оқыңыз!